Ұлттық Банк БЖЗҚ қаражаттарын қайда инвестициялады.
Реттеуші сейсенбі, 23 қазан күні өзінің Facebook парақшасында БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметіне жасалған қысқаша шолуды жариялады
Жалпы қоржын
Инвестициялық қоржынды диверсификациялау мақсатымен сақтығы мен табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау саясатына сәйкес, зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша түрлі қаржылық құралдарға инвестицияланады.
2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің қоржынының көлемі 8 895,1 млрд теңгені, соның ішінде теңгеде аталған ақша қаражаттары мен қаржылық құралдар 6 143,1 млрд теңгені немесе 69,1%, шетелдік валютада аталғаны – 2 752,0 млрд теңгені немесе 30,9% құраған.
Теңгеде аталған зейнетақы активтерінің қоржыны
Теңгеде аталған БЖЗҚ зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін басқару жөніндегі кеңеспен жыл сайын мақұлданатын бағыттар аясында ғана инвестицияланады. 2018 жылы аталған кеңеспен БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялаудың Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу, қоржынды диверсификациялау мақсатымен шетелдік валютаны сатып алу, халықаралық қаржылық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, екінші деңгей банктерінің және өзгедей корпоративтік қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алу сияқты бағыттары мақұлданған.
Теңгедегі инвестициялар
2018 жылдың қыркүйегінде теңгеде аталған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,4 млрд теңгені құраған (ақша нарығының құарлдарына инвестицияларды санамағанда), соның ішінде:
– 26 млрд теңге сомасына орташа жылдық табыстылығы жылына 8,5% құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары сатылып алынды;
– Экономиканы 200 млрд теңге сомасында қолдау мақсатымен ҚР екінші деңгейлі банктерін қаржыландыру бойынша жарияланған бағдарлама аясында 29,4 млрд теңге сомасына орташа жылдық табыстылығы жылына 12,00% құрайтын екінші деңгейлі банктердің облигациялары сатылып алынды.
Сонымен қатар, қарастырылып отырған кезеңде теңгедегі еркін ақша қаражаттары ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарында орналастырылған. Бұл жағдайда бұл инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің табыстылығын қолдау мақсатымен ағымды өтімділікті басқару аясында жүзеге асырылады.
Теңгедегі өтеулер және сатулар
2018 жылдың қыркүйегінде бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісінде белгіленген мерзімге сәйкес, «AMF Group» АҚ облигациялар бойынша 0,7 млрд теңге сомасындағы негізгі қарызды өтеуді жүзеге асырды.
Қарастырылп отырған кезең барысында екінші деңгей банктерінің бастамасымен банк шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес, депозиттер бойынша 9,9 млрд теңге сомасындағы негізгі қарызды ішінара өтеу жүзеге асырылды.
Есепті кезең барысында бағалы қағаздардың сатылымы жүзеге асырылмады.
Шетелдік валютада аталған зейнетақы активтерінің қоржыны
БЖЗҚ шетелдік валютада аталған зейнетақы активтері БЖЗҚ Инвестициялық декларациясымен белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымы мен стратегиясына сәйкес инвестицияланады.
Шетелдік валютадағы инвестициялар
2018 жылдың қыркүйегінде шетелдік валютада аталған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 94,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде:
– 78,7 млрд теңге сомасында орташа табыстылығы жылына 2,3% құрайтын АҚШ қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатылып алынды;
– 7,2 млрд теңге сомасында орташа табыстылығы жылына 4,2 % құрайтын, АҚШ долларында аталған Мексика қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатылып алынды;
– 8,7 млрд теңге сомасында орташа табыстылығы жылына 4,2 % құрайтын, АҚШ долларында аталған Қытай квазимемлектеттік секторының шетелдік эмитенттерінің облигациялары;
Дамушы елдер эмитенттерінің бағалы қағаздарына жасалған инвестициялар аясында инвестициялық деңгей рейтингіне сәйкес «А+» деңгейіндегі минималды кредиттік рейтингіне ие Қытай квазимемлектеттік секторының эмитентінің еурооблигациялары сатылып алынды. Аталған бағалы қағаздардың эмитенттері 100% мемлекет бақылауында.
Еурооблигациялардың әр шығарылымын сатып алу үлесі мардымсыз болып табылады және әр шығарылым айналымы көлемінің 0,2% бастап, 1,9% дейінгі көлемін құрайды. Еурооблигациялардың жоғарыда аталған шығарылымдары JPMorgan компаниясымен қадағаланып отырған танымал әрі ірі инвестициялық қорлармен ең жиі репликацияланатын EMBIG (Emerging Markets Bond Index Global) дамушы елдердің облигациялар индексіне кіреді.
Шетелдік валютадағы өтеулер смн сатулар
2018 жылдың қыркүйегінде белгіленген мерзімдерге сәйкес АҚШ үкіметінің МБҚ бойынша 69,1 млрд теңге сомасындағы негізгі қарызды өтеу жүзеге асырылып, 24,3 млрд теңге сомасында АҚШ үкіметінің МБҚ сату жүзеге асырылды.
Есепті кезең барысында 1 млрд теңге сомасына AKBANK TAS еурооблигацияларын сату жүзеге асырылды.
Инвестициялық қызмет нәтижелері
2018 жылдың 9 айы барысында инвестициялық табысты есептеу 663,1 млрд теңгені құрады.
Бұл ретте, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) соңғы 12 ай (2017 жылдың қазанынан бастап, 2018 жылдың қыркүйегіне дейін) зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,1% мөлшеріндегі инфляция жағдайында 9,0% құраған. Осылайша, соңғы 12 ай барысындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің іс жүзіндегі табыстылығы 2,9% құрады.
Ақпарат көзі: Forbes Kazakhstan