Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы туралы
«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігі 2018 жылы құрылды. (бұдан әрі – ҚҰКП). ҚҰКП коммерциялық ұйым емес болып табылады.
ҚҰКП коллекторлық қызметтердің өркениетті нарығын дамытуға және коллекторлармен өзара іс-қимыл кезінде қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
ҚҰКП міндеттері:
- Кредит берушілер мен қарыз алушылардың коллекторлық қызметтер нарығына деген сенім деңгейін арттыру
- Мерзімі өткен борыштарды сотқа дейін реттеу кезінде қарыз алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
- Коллекторлық қызметті реттейтін заңнаманы жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік жасау
- Коллекторлық қызметтің бірыңғай кәсіби және этикалық стандарттарын әзірлеу және енгізу. олардың сақталуын бақылау