fbpx

Коллектор қоңырау шалды ма?

1. НЕЛІКТЕН НЕСИЕ БЕРУШІ ҚАРЫЗДЫ КОЛЛЕКТОРЛАРҒА ӨТКІЗЕДІ?

Кредиторлар (Банктер, МҚҰ…) қаржы өнімдерін сатуға және мерзімі өткен қарыздарды қайтаруға ресурстарды жұмсамауға бағытталған, оларды коллекторлық агенттіктерге береді немесе сатады.

Назар аударыңыз: Егер несиеңізді тұрақты түрде төлемеген мерзіміңіз 90 күннен кем болса, ал ипотекалық несие бойынша 180 күннен аз болса, онда несие беруші ұйымдардың қызметкерлері (әдетте, колл-орталықтар, софт-коллекшен) сізге жоғарыда көрсетілген уақыт мерзіміне дейін қоңырау шалады, несие беруші ұйым сіздің ісіңізді коллекторлық агенттіктерге және өзге де мамандандырылған ұйымдарға талап ету құқықтарын беруге тыйым салынады.

2. БЕРЕШЕКТІ ӨНДІРІП АЛУ КЕЗІНДЕ КОЛЛЕКТОРҒА ҚАНДАЙ ӘРЕКЕТТЕР ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ?

  1. борышкермен, оның өкілімен, үшінші тұлғамен заңда көзделмеген өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін пайдалану;
  2. коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге құқылы емес;
  3. коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын құқыққа қарсы әрекеттер жасауға;
  4. борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін күш қолдану не борышкердің, оның өкілінің, үшінші тұлғалардың мүлкін жою немесе бүлдіру, қорлау, алаяқтық, құжаттарды жалғау, бопсалау арқылы қысым көрсету;
  5. коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасайтын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
  6. коллекторлық агенттік кредитор болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті берешекті өтеу есебіне қабылдауға.
  7. коллекторлық агенттік кредитор болып табылатын жағдайларды қоспағанда, берешекті ақшадан басқа өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;
  8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан, оның өкілінен, үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге.

3. ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА КОЛЛЕКТОР СІЗГЕ БОРЫШКЕР РЕТІНДЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛА АЛАДЫ? ҚАЙ УАҚЫТТА ЖӘНЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ?

Кредитор сіздің қарызыңызды коллекторлардың жұмысына берген кезде немесе коллекторлық агенттік сіздің мерзімі өткен берешегіңізді сатып алып, кредитор болған кезде, ол борышкерге телефон қоңырауларына, жеке кездесулерге, дауыстық, жазбаша және басқа да хабарламалар жіберуге құқылы.
Сіз коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу жөніндегі өкілеттіктерін растауды сұрауға құқылысыз.
Коллекторлық агенттіктің борышкермен телефон арқылы сөйлесуі жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде үш реттен асырылмауы тиіс.
Қоңыраулар санына шектеулер, қоңыраулар үшін уақыт аралығы, коллекторлардан алынатын сәттер де бар, егер борышкер:

  1. коллектормен байланысудан бас тартқанда,
  2. коллекторлық агенттікті тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, атының, тегінің, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергені туралы, байланыс үшін пайдаланылатын ақпараттардың өзгергені туралы хабардар етпегенде,
  3. кірістер мен шығыстар деңгейі туралы, тұрғылықты жері туралы ақпараттарды ашпағанда.

4. КОЛЛЕКТОР СІЗГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ, БІРАҚ СІЗ БҰЛ ҚАРЫЗҒА ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫҢЫЗ ЖОҚ ПА?

Егер сіз борышкер, кепілгер, борышкерге жауапты кісі болмасаңыз, онда коллектор Сізге келесі ақпаратты хабарлауы керек:

– коллекторлық агенттіктің атауы;

– коллекторлық агенттік қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

– борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

Егер сіз берешекке қатысы жоқ және коллектормен сөйлесуге келіспесеңіз, оған сөйлесуден бас тартатыныңыз туралы хабарлаңыз және коллекторлардан немесе кредитордан сізбен байланыспауды және нөміріңізді қоңыраудан алып тастауды сұраңыз.

5. ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУДІ КОЛЛЕКТОРМЕН ЖАЗА АЛАМЫН БА?

Сіз коллекторлармен телефон арқылы сөйлесулерді таспаға тіркеуге құқығыңыз бар.

6. ҚАРЫЗ АЛУШЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ ҮШІН КОЛЛЕКТОРҒА АҚША БЕРЕ АЛА МА?

Коллекторлық агенттік борышты кредитордан сатып алған және борышкердің кредиторы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коллекторларға қарыз алушыдан ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ өзге де мүлікті берешекті өтеу есебінен қабылдауға тыйым салынады. Борышкер коллекторлық агенттіктің кредитор ретіндегі мәртебесін растауды талап етуге құқылы. Қарыз бойынша барлық төлемдерді тек кредитордың атына ғана төлеу қажет.

7. КОЛЛЕКТОРЛАР ЖАЛАҚЫНЫҢ БАРЛЫҚ СОМАСЫН ШЕШІП АЛА АЛАДЫ МА?

Коллекторларға қарыздарды жалақыдан шешуге уәкілетті емес. Жалақыдан шешіп алу банктың төлем талабы немесе жеке сот орындаушысының инкассалық өкімі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

8. КОЛЛЕКТОРЛАР ШОТТЫ БҰҒАТТАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Коллекторлар банктік шоттарды бұғаттай алмайды. Банктік шоттарға тыйым салуды және өзге де шектеулерді тек соттар, банктер немесе жеке сот орындаушылары ғана қояды.

Банк шотына шектеулер қоюдың себептерін анықтау үшін өз деректеріңізді электронды сот кабинеті арқылы, борышкерлердің және уақытша шет елге шығуға шектелген борышкерлердің бірыңғай тізілімі арқылы тексеруге немесе несие берушіге жүгіну қажет.

9. КОЛЛЕКТОРЛАР МҮЛІКТІ АЛА АЛА МА?

Борышкердің мүлкіне тізімдеме жүргізуге және тыйым салуға тек жеке сот орындаушысы ғана құқылы. Мерзімі өткен борыштарды өтеу үшін сауда-саттықтан атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мүлікті сатуды жеке сот орындаушылары жүргізеді.

10. КОЛЛЕКТОРЛАР ЖСН БҰҒАТТАЙ АЛА МА?

ЖСН бұл жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін цифрлық код, ЖСН-ды бұғаттау мүмкін емес.
Сіз мүлікке тыйым салу мен банктік шоттардың бұғатталуын, жеке сот орындаушыларының деректерін, салық бойынша қарыздарыңызды, әкімшілік айыппұлдардыңыздың себептерін өзіңіз тексере аласыз, сондай-ақ сот істерін іздеуді жүзеге асыра аласыз және де коллекторлық агенттіктердің тізілімін мына сілтемелер бойынша қарай аласыз:

  1. Сот істерінің болуын.
  2. әкімшілік айыппұлдардың болуын.
  3. коллекторлық агенттіктердің тізілімін.
  4. атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі сайтында атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімінде мүлікке тыйым салу мен банктік шоттардың, шетелге шығуға тыйым салудың болуын;
  5. барлық жеке сот орындаушыларының тізімін және олардың деректерін сіз жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының сайтында тексере аласыз;
  6. салық берешегін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында тексеріңіз;

11. ҚАРЫЗДЫ ТӨЛЕУДЕН ЖАСЫРЫНУДЫҢ НЕГЕ ПАЙДАСЫ ЖОҚ?

Егер борышкерді іздеу сәтсіз болса, несие берушілер қарызды мәжбүрлі түрде қайтару үшін сотқа, кейінірек жеке сот орындаушыларына жүгінуге тура келеді. Жеке сот орындаушылары көбірек өкілеттіктерге ие, соның ішінде іздеу бойынша “қорытынды төлем шотын” ұсынған кезде, қарыз алушылар өз қарыз сомасының неге осылай өскеніне таң қалады. Бұл борышкердің шығыстары мемлекеттік баж сомасына және жеке сот орындаушысы қызметтерінің құнына (өндіріп алу сомасына байланысты 3% – дан 25% – ға дейін) өсетіндігінен болады. Сондықтан мәселені сотқа дейін шешу оңай және арзан болады.
Қазіргі кезде көптеген жұмыс берушілерді жұмыс ізденушінің мерзімі өткен борыштарының бар-жоғы қызықтырады. Әдетте жұмыс берушілер үшін бұл ақпарат қызметкердің сенімділігін бағалау әдісі болып табылады.

12. НЕЛІКТЕН НЕСИЕ БЕРУШІМЕН НЕМЕСЕ КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКПЕН МЕРЗІМІ ӨТКЕН ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ЖЕКЕ КЕСТЕ ТУРАЛЫ КЕЛІСУ КЕРЕК?

Сіз несие берушімен немесе коллекторлық агенттікпен жеке кесте алу туралы келісе аласыз. Жеке кестені алған жағдайда коллекторлар сізді мазаламайды, сонымен қатар банктік шоттардан жеке кестені берген банктің шектеулері алынып тасталынады. Сізге тек ай сайынғы төлем туралы еске салатын SMS-хабарламалар келеді. Егер сіз жеке кесте алуға өтініш бергіңіз келсе, сілтемені басыңыз.

13. ЕГЕР СІЗДІҢ ҚАРЫЗЫҢЫЗ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНА БЕРІЛСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Жеке сот орындаушысында коллекторларға қарағанда әлдеқайда көп өкілеттіктерге ие. Ол сіздің мүлкіңізге тыйым салып, кейіннен оны сауда-саттық арқылы сата алады, өндіріп алу сомасы шегінде банк шоттарына тыйым сала алады, сізге шетелге шығуға шектеу қоя алады. Жеке сот орындаушысы жасайтын іс-әрекеттер өндіріп алу сомасы, борышкердің қарызының үстіне тағы да 3% – дан 25% – ға дейін міндетті түрде қосылады.
Айта кету керек, бұл мәселе жұмысқа орналасу кезінде, шет елдік сапарлар кезінде кедергі болады. Сіз тыйым салынған мүлікке және өз ақшаңызға еркін билік ете алмайсыз.
Біз сізге осы деңгейге жеткізбеуге кеңес береміз және мәселені сотқа дейін шешуге күш салыңыз.
Ол үшін коллекторлармен немесе Stop-Collector ұйымымен мәселені сотқа дейін шешуге жүгініңіз.