БЖЗҚ кредит алу үшін «дұрыс» үзінді көшірме сатып алуды ұсынатын алаяқтар туралы ескертеді.
Қаскүнемдер желіде кредит алуға көмектесетіндіктері туралы хабарландыру орналастырады. Клиенттерге өздерінің төлем қабілеттілігін растайтын БЖЗҚ үзінді көшірмесін сатып алу ұсынылады.
Қордың баспасөз қызметі Қазақстанда қаскүнемдер кредит алу үшін ақшалай сыйлықақыға БЖЗҚ жинақтаулар жөніндегі «дұрыс» үзінді көшірме сатып алуды ұсынатын алаяқтықтың жаңа түрі етек жайып келе жатқандығы жайында хабарлайды.
Қаскүнем интернетте түрлі аттармен Астана және өзге қалалардың тұрғындары үшін екінші деңгейлі банктерде кредит алуға көмектесе алатындығы жөніндегі хабарандырулар орналастырады. Хабарландыруға сеніп хабарласқан адамдарға кдиенттің төлем қабілеттілігін растайтын БЖЗҚ «дұрыс» үзінді көшірмесі үшін белгілі бір сыйлықақы аудару талап етілетін алаяқтың банк картасының деректемелері көрестілген SMS-хабарлама жіберіледі. Ол үзінді көшірмені SMS-хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан қор бөлімшелерінің бірінің БЖЗҚ қызметкері беруі тиіс деп көрсетілген.
Хабарламада «Зейнетақы жинақтары жөнінегі мәліметтер мен олар жөніндегі анықтаманы ҚР азаматтары қордың кез келген бөлімшесінде, пошта байланысы, электрондық пошта мекенжайына не «БЖЗҚ» АҚ сайтында немесе мобильді қосымша арқылы немесе egov.kz электрондық өкімет сайты арқылы мүлдем тегін ала алады» – делінген.
БЖЗҚ қолда бар фактілер бойынша деректерді процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғаушы органдарға жіберді.
18 қазанда БЖЗҚ өзінің салымшыларын инфляцияға байланысты 150 000 теңгенің өтелуі жөніндегі таралып отырған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы туралы қайта ескертті.
Ақпарат көзі: Информбюро