Кешіктіру кезінде коллекторлармен тіл табысуды «үйренгіп», кредитін ешбір қысымсыз кредитін өтеген қазақстандықтың оқиғасы.

2015 жылы Ернұр (есімі өгертілген) ағымды қажеттіліктеріне кредит алған. Ол 3 жылға 500 мың теңге рәсімдеген. Ай сайын 22 мың теңгеден төлеп отыру қажет болған. Бірақ біраз уақытта жігіттің қаржылық жағдайы нашарлап, кредит бойынша төлемдерді қалтасы көтермей қалды.

Ернұрдың еңбеақысын қысқартып, кейіннен мүлдем ақысыз демалысқа шығарды. Жігітің отбасы бар, сондықтан ақша жетіспейтін болды. Нәтижесінде ол кредитін өтеуді доғарды.

Кредит кешіктірілгеннен кейін, Ернұрға банктен хабарласып, төлемдер жөніде ескерте бастады. Осылайша үші ай өтті, жігіт жұмыс таба алмай, соңында үйіне коллекторлар келді.

Ернұр – Нурфин оқырманы: «Олармен тіл табысу қиынға түсті, олар маған психологиялық тұрғыдан қысым түсіруге тырысты. Қалған соманы бірден қайтаруды талап етті. Ол аз емес еді. Не істерімді білмедім.

Аз ғана ойланып, интернеттен коллекторлармен қалай сөйлесу қажеттігі туралы ақпаратты іздей бастадым. Көп жаңаны біліп, өзімнің біраз ақылыммен бөліскім келеді».

Ең алдымен, ол әр сайын, кешіктіру барысының өзінде, қарыз есебіне ақша салып отырды. Яғни, ол мүмкіндігінше төлеп отырды, ең болмағанда мың теңгеден болса да. Бұл тармақ Ернұр кеңестерінде бірінші орынға ие:

  • Егер сіз қарыз есебіне ең болмағанда қандай да бір сома салып отырсаңыз, онда сіз кредит үшін төлеуден жалтарған қарызгер емес, шарт талаптарын бұзушы ретінде саналатын боласыз. Арасындағы айырмашылық зор, сізді сотқа берген жағдайда ол үлкен маңызға ие болады.
  • Әрқашан шалынған қоңырауға жауап беріңіз. Ернұрдың айтуынша, борышкерлер әдетте коллекторлармен сөйлесуден қашқақтайды. Бірақ олармен тілдесу қажет. Сонда олар сіздің жалтарып жүрмегеніңізді түсінеді.
  • Өзіңізді сабырлы ұстап, коллекторлық агенттік өкілдерімен сыпайы сөйлесу қажет. Ернұрдың айтуынша, уақыт өте оған олармен сөйлесу ұнай бастаған.
  • Олардың «Біз үйіңе келеміз», «Сенің жақындарың мен жұмысыңа телефон шаламыз» деген сөздеріне: «Мен өзім ақ сендерге келе аламын» немесе «Келеріңде хабарласыңдар, мен үйде болайын» деп жауап беру қажет.
  • Міне осы себеппен қоңырауларға жауап беру өте маңызды. Себебі, коллекторлар борышкермен хабарласа алмаса, олар оның туыстары мен жұмысына қоңырау шалатын болады.

 

Ернұр – Нурфин оқырманы: «Тұрақты табысқа қол жеткізгеннің өзінде де мен кредит бойынша ең аз сомаларды төлеп жүрдім. Себебі менен қарызды толықтай өтеуді талап етті, ал мен болсам коллекторларға тек шарт бойынша ай сайынғы төлемді өтей алатыныды айтып жүрдім.

Нәтижесінде, маған банктен хабарласып, менің кредит үшін әрі қарай да кестеге сәйкес төлей алатынымды айтты. Сол қоңыраудан кейін банк қызметкерлері мен коллекторлар мені мазалауды қойды».

Ернұр кредиті коллекторлық бөлімше тапсырылған мезетте ол банкке пайыздар үшін артық төлем мен айыппұлдарды қоса есептегенде 600 мың теңге қарыз еді. Істі қарау барысында қарыз азайған жоқ, бірақ бір жарым жыл бойы толық ай сайынғы төлемдерді төлей отырып, ол оны толық өтеді.

Редакцияға жазған хатында Ернұр өзінің оқиғасы қиындықтарға тап болып, өздерінің кредиттерін төлей алмай жүрген жандарға көмегін тигізеді деген үміт білдірді.

Өз кезегімізде біз коллекторлардың қызметі қарызгермен бірлесе отырып жағдайды түзету жолдарын іздестіруге бағытталуы тиіс қарызгер мен банк арасындағы бейнебір делдардар болып табылатындығын есіңізге саламыз.

Ақпарат көзі: nur.kz