ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасы Мадина Әбілқасымова коллекторлық ұйымдарды жоспардан тыс тексеру туралы хабарлады.
Коллекторлық ұйымдардың қарыздарды сатып алуы жөніндегі мәмілелерге кешенді тексеру жүргізу үшін Агенттік үлесіне коллекторлық ұйымдардың барлық қарыздарының 75%-ы тиесілі 25 неғұрлым ірі коллекторлық агенттікті жоспардан тыс тексеруге бастама жасады.
Тексеру барысында мынадай мәселелер зерделенетін болады:
1) сотқа дейінгі өндіріп алу бойынша жұмысқа қабылданған және сатып алынған проблемалық портфельдер бойынша кредитормен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі;
2) кредитормен жасалатын барлық цессия шарттары бойынша құжаттаманы жүргізу, тіркеу журналы бойынша құжаттардың есебін жүргізу тәртібін сақтау;
3) коллекторлық агенттіктің банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша талап ету құқығын иелену жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
4) басшы қызметкерлердің және борышкерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру;
5) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі коллекторлық қызметті жүзеге асыру;
6) коллекторлық агенттіктің банктік қарыз немесе микрокредит шарттары шеңберінде борышкерлермен, үшінші тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру қағидаларын сақтауы;
7) коллекторлық агенттіктің берешектерді реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің ерекшеліктерін сақтауы;
8) қызметті автоматтандыру және берешекті есепке алу, сондай-ақ аудио немесе бейнетехника құралдарының көмегімен борышкермен, үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл процесін тіркеу үшін пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтылымның болуы;
9) коллекторлық агенттік қызметкерлерінің өндіріп алудың заңсыз әдістеріне және орынсыз әрекетіне қызметкерлердің өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібі мен нәтижелері. Инспекциялық тексеру мерзімі ағымдағы жылғы 26 қазаннан бастап 23 қараша аралығына белгіленді.
Осыған байланысты жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Агенттік тиісті ақпарат ұсынатын болады