ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) несие алу және оны уақтылы өтеу, берешекті өтеу барысында мерзімінен кешіктіру болған жағдайда қажетті шаралар қабылдау мәселелері бойынша, кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Несиені уақытылы кешіктірмей төлеу үшін, оны қалай дұрыс алу және төлеммен байланысты мәселелер туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы ҚНРДА-нің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры Терентьев А. Л. толық түсініктеме берді. Оның ұсыныстары:

Несие шарттарын мұқият оқып шығыңыз. Егер несиені мерзімінен бұрын жабу мүмкіндігі болса, оны жасаған дұрыс.
Несиені төлеуде қиындықтар туындады ма? – қарыз алушы қайта құрылымдау үшін өтінішпен банкке жүгінуі керек. Мұны кешіктірген күннен бастап 30 күн ішінде жасауы керек. Өтініште міндеттемелердің орындалмау себебін көрсетіп және оны растайтын құжаттарды қоса беріңіз.

Банк сіздің өтінішіңізді қабылдауы, тіркеуі, қарауы және 15 күнтізбелік күн ішінде жауап беруі тиіс:
– Шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қабылдай отырып, келісіңіз;
– Шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарыңызды беріңіз;
–  Дәлелді негіздемені көрсете отырып, бас тартыңыз.

Егер банк сізге қайта құрылымдаудан бас тартса, онда сіз ҚНРДА-не жүгіне аласыз. Сіз банкке өтініш жасағаныңызды, бірақ сіздің өтінішіңізді қарамағанын растауыңыз қажет.