Қазақстан Ұлттық Банкі Жаңа төлем жүйесі – жедел төлемдер жүйесінің пилоттық режимде іске қосылғандығы жөнінде хабарлайды. Сервис әр түрлі банктердің клиенттері арасында ұялы телефон нөмірі бойынша және 24/7 режимінде тәуліктің кез келген уақытында ұлттық валютада ақша аударуға мүмкіндік береді. Ол үшін ақша жіберушіге мобильді қосымшада немесе жүйеге қатысушы банктің интернет-банкинг жүйесінде ақша алушының ұялы телефон нөмірін енгізу, аударым сомасын және ақша алушының банкін көрсету жеткілікті. Алушыға оның жүйеге қатысушы банктегі шотына ақша бірден аударылады.

Жүйе банктік шотты, төлем карточкасын және электрондық ақшаны пайдалана отырып, банк клиенттері тарапынан төлем жасаудың және аударымды алудың түрлі құралдарын қолдайды. Бір транзакция бойынша максималды шектеу 500 мың теңгені құрайды. Қатысушы банктер үшін жүйеде транзакциялар бойынша қызмет көрсету тарифі транзакция сомасына қарамастан бір төлем (аударым) үшін 1 теңгеден кем болады.

Жүйені тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану шеңберіндегі алғашқы қатысушылары болып «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) табылды. Бірқатар басқа банктер қосылу сатысында. Жаңа қызмет мобильді қосымшаларда және қатысушы банктерге қашықтан қызмет көрсету жүйелерінде олардың ішкі жоспарына сәйкес барлық ішкі бизнес – үдерістердің күйге келтірілуіне қарай пайда болады.

Жүйеде сервистерді кезең бойынша дамыту жоспарлануда. Бірінші кезеңде жеке тұлғалар арасындағы аударымдар (P2P-аударымдар) қолжетімді болады, келесі кезеңдерде заңды тұлғалардың пайдасындағы төлемдер, соның ішінде QR-кодтарды пайдалану арқылы төлемдер, сұрау салу бойынша төлемдер және төлемдердің басқа түрлері қолжетімді болады.

Қазақстанда жедел төлемдер жүйесін енгізу халыққа және бизнес субъектілеріне пайдаланылатын төлем құралына (банк шоттары, төлем карточкасы, электрондық әмиян) және қызмет көрсететін банкке қарамастан арналар арқылы әртүрлі қашықтықтан қолжетімді ыңғайлы, жылдам, сенімді және арзан төлем сервисін ұсынуға бағытталған.

Жедел төлемдер жүйесі, банктер үшін қосылу шарттары туралы толығырақ ақпаратты 8(727)2 70-47-20 (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелері департаменті) және 8(727)2 50-66-69 («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК) телефондары арқылы алуға болады

QR-код (Quick response code) – тез әрекет ету коды (штрих-код баламасы), онда саудагердің тауарға немесе қызметке ақы төлеу үшін төлем деректемелері (банктік шот нөмірі, электрондық әмияны) жөніндегі ақпарат бар.

Ақпарат көзі: Banker.kz