2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылдың сәуірінде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.
Бағдарлама жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша қайта қаржыландыруды көздейді. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк қаражаты есебінен 150 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Өз кезегінде банктер қарыздарды қайта қаржыландыру барысында қарызгерлердің 136 млрд.теңгеден астам сомаға сыйақы, өсімпұл (тұрақсыздық айыптөлемдерін), комиссия бойынша берешектерін кешіреді
«Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылады. 2016 жылғы 1 қаңтарда енгізілген шетелдік валютадағы кірісі жоқ жеке тұлғаларға жаңа ипотекалық қарыздар беруге салынған тыйымды ескере отырып, бағдарламаны іске асыру шетелдік валютадағы жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары банктерінің портфелінде нөлге дейін жеткізеді, сондай-ақ, болашақта халық үшін валюталық тәуекелді болдырмайды» – деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев.
А. Терентьев банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2018 жылғы 30 желтоқсанда аяқталатынына, қарызгердің қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталатынына назар аударды. Ол қарыздың бағдарлама шарттарына сәйкестігін анықтау үшін қарызгерлердің кредитор-банкке жүгіну қажет екенін атап өтті.
Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, «Bank RBK» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «БАНК ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan » АҚ және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ АҚ кірісті.
2018 жылғы 1 қыркүйекте банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға 22,2 млрд. теңге сомасына 2 504 өтінімді мақұлдады және 11,7 млрд.теңге сомасына 1 551 қарызды қайта қаржыландырды. Өңірлер мен банктер қимасында ақпаратпен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552 «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде.
Сондай-ақ, А.Терентьев Бағдарламаның 2004-2009 жылдар аралығында қарыз алған ипотекалық қарызгерлерге қолдау көрсетуге бағытталғандығын да еске салды.
Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд. теңге бөлді. Сондай-ақ, Ұлттық Банк қаражаты есебінен 300 млн.теңгеден астам сомаға талап-арыз беру кезінде банктер төлеген мемлекеттік баж салығы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарызгерлердің берешегі, сондай-ақ 8 млрд. теңгеден астам сомаға мәселелі валюталық қарыздар бойынша бағамдық айырмасы өтелді.
2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 154,3 млрд.теңге сомасына 24 853 қарызды мақұлдады, 131,5 млрд. теңге сомасындағы 22 665 қарыз қайта қаржыландырылды.
Өңірлер және банктер қимасында 2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мақұлданған және қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552 «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде.
«Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін, бірақ қайта қаржыландыру үшін банкке жүгінбеген қарыз алушылар бойынша бағдарламада белгіленген қайта қаржыландыру мерзімі өткеннен кейін банктер берешекті өндіріп алу бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген рәсімдерді қайта бастауға құқылы. Бұл жағдайда ретте Ұлттық Банк қарызгерлерге банктердің өндіріп алу рәсімін жүзеге асыруды кідіртуде көмек көрсете алмайды» – деді А.Терентьев.
“Жалпы алғанда, Қазақстан Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қолдауға 300 млрд.теңгеден астам қаражат бөлді» – деп түйіндеді өкілетті органның өкілі.
Ақпарат көзі: Banker.kz