«Бұл ҚР Ұлттық Банкі мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы ұйымдастыратын Қазақстанның қаржы нарығы үшін ең маңызды жыл сайынғы іс-шара» – деп хабарлады Tengrinews.kz порталына Елена Бахмутова, ҚҚҚ кеңесінің төрайымы.

«Биылғы жылы Конгреске Қазақстанның ұлттық валютасының 25 жылдық мерейтойы ерекше мән береді, оны енгізу күні еліміздің барлық қаржыгерлері үшін кәсіби мерекеге айналды» – деп толықтырды Бахмутова. Оның айтуынша, конгресте дәстүрлі түрде сектор алдында тұрған ағымдағы сын-қатерлер ғана емес, сонымен қатар Қаржы нарығын одан әрі дамыту стратегиясы, банк және сақтандыру секторларындағы цифрландыру және жаңа технологиялар және Қазақстанның қор нарығын дамыту болашағы талқыланатын болады. Орталық банктердің қаржы нарықтарын дамытудағы, қолма-қол ақша айналымын реттеудегі атқаратын рөлі туралы тақырып та назардан тыс қалмайды. Конгресс аясында сауда, инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде есептеулер барысында ұлттық валюталарды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту және ынталандыру мәселелері де көтеріледі. Қазақстан үшін жетекші еуропалық елдердің тәжірибесін ескере отырып, қаржы нарығында ерте араласуды қолдануға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін уақтылы қадағалау іс-қимылдарын қабылдауға негізделген тәуекелге бағдарланған қадағалау шараларын енгізу де өзекті болып табылады. Конгрес барысынла бұл мәселелер де талқыланады. Елдің қаржы нарығының маңызды міндеттерінің бірі болып қазіргі жағдайда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қала береді және бұл тақырып та іс-шара барысында талқыланады. Белгілі болғандай, Ұлттық Банк бірнеше бағыттарға және мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасына, сондай-ақ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және т.б. мәселелер бойынша жетекшілік етеді. Бұл мәселелерді талқылауға еуропалық қадағалау органдарында жұмыс тәжірибесі бар халықаралық сарапшылар, Қазақстанның қаржы нарығының кәсіпқойлары, ТМД орталық банктерінің, шетелдік және қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысады.

16 қарашада Конгресс аясында қазақстандық биржалық форум өтеді, онда қор нарығының экономиканың тұрақты дамуындағы рөлі, оны бизнеске қалай қол жетімді және түсінікті ету туралы пікірталастар күтілуде. ЕАЭО интеграциялық процестерінің Ұлттық қор нарықтарына әсеріне арналған тақырып та талқыланатын болады.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz