Қазақстанда 1 шілдеден бастап коллекторлық агенттіктер үшін ең төменгі жарғылық капитал 30 млн теңгеге дейін арттырылады

Қазақстанда 1 шілдеден бастап коллекторлық агенттіктер үшін ең төменгі жарғылық капитал 30 млн теңгеге дейін арттырылады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап коллекторлық агенттіктер үшін оның көлемі 50 млн теңгеге дейін арттырылады.

1 шілдеден бастап қолданыстағы коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері 30 млн теңгеге дейін арттырылады, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

«Нарықты шоғырландыру және коллекторлық қызметтердің сапасын арттыру үшін ағымдағы жылдың 22 ақпанында агенттік басқармасының № 8 қаулысы қабылданды, ол қолданыстағы коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздейді: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап — 30 млн теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50 млн теңге», — делінген хабарламада.

Коллекторлық агенттіктерді ашу кезінде жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері 50 млн теңгені құрайды.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап коллекторлық агенттіктердің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 10 млн теңгені құрайды. Жарғылық капиталға қойылатын ең төменгі талаптарды орындамаған агенттіктер жабылады.

Дереккөз: informburo.kz

Previous Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң: жаңа кредиттерге тыйым салу және елден кету

Все необходимые документы можно найти в официальной нормативной базе

Республика Казахстан, город Алматы, 050040, ул. Байзакова, здание 280

    «Национальная палата коллекторов Казахстана» © 2025