ҚР Қаржы мининистрлігінің бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев:


“Несиелік бюроның ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 млн-нан астам азамат несиені өтеу мерзімін бұзған, бірқатар азаматтарда коммуналдық, салықтық төлемдері бойынша қарыздары бар. Сондай-ақ, борышкерде мүліктің болмауына байланысты шамамен 4 млрд теңге көлемінде қайтарылған атқарушылық құжаттар бар.


Бұл адамдардың төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуі керек. Заң жобасы мен тұжырымдаманың әлеуметтік бағыты бар және ол “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” деп аталады. Заң азаматтар үшін ғана емес, сондай-ақ қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін де маңызды болады”, заң адал қарыз алушыларға көмектесуі тиіс”.